Таза Қазақстан – таза ауданнан басталады

«Таза Қазақстан» бастамасы елімізде тазалық пен тәртіпті қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі деп ойлаймын. Бұл бастама аясында ауданымызда да түрлі тазалық шаралары ұйымдастырылып, көшелер мен аулалар ретке келтірілуде.

Осындай жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы ерекше қуантады. Себебі туған жердің тазалығы тек арнайы қызметкерлерге емес, әрбір азаматқа байланысты. Бір адам қоқысын белгіленген жерге тастаса, екіншісі ауласын таза ұстаса, үшіншісі қоғамдық орындарды күтіп-баптауға атсалысса, оның бәрі ауданымыздың көркеюіне әсер етеді.

Тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті әдетке айналуы керек. Әрқайсымыз өзімізден бастап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарасақ, ауданымыз таза, көрікті әрі жайлы мекенге айнала түсетіні сөзсіз.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT