«Таза Қазақстан» дегенде ең алдымен көз алдымызға мөлдір өзендер, тұнық көлдер, жасыл ормандар мен қоқыстан таза көшелер елестейді. Табиғат – біздің ортақ байлығымыз. Сондықтан оны қорғау тек экологтардың емес, әрбір азаматтың міндеті.
Өкінішке қарай, кейбір адамдар өзен-көлдердің жағасына қоқыс қалдырып, табиғатқа немқұрайлы қарайды. Мұндай әрекет қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, туған жеріміздің көркін бұзады. Ал қоқысты арнайы орынға тастау, табиғатты таза ұстау және экологиялық мәдениетті сақтау – «Таза Қазақстан» бастамасының басты мақсатына сай келеді.
Менің ойымша, еліміздің тазалығы әр адамның жауапкершілігінен басталады. Өзімізден бастап табиғатты аяласақ, өзендеріміз де, көлдеріміз де таза болып, Қазақстанымыз одан әрі көркейе түседі. Таза табиғат – ұрпаққа қалдыратын ең қымбат мұра.
Г.Сәдуақас


