«Таза Қазақстан» – әр азаматтың жауапкершілігі

Тазалық – мәдениетті қоғамның басты белгісі. «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты – көшелерді тазалау ғана емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру. Әрбір тұрғын өз үйінің ауласынан, өзі жүретін көшеден бастап тазалықты сақтаса, ауданымыздың келбеті де күн сайын көркейе түседі.

Ауданымызда өткізілетін сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстары тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарайтынын көрсетеді. Алайда тазалық тек белгілі бір күндері өткізілетін шарамен шектелмеуі тиіс. Қоқысты арнайы орынға тастау, қоғамдық орындарды ластамау, ағаш отырғызу және жасыл желекті күтіп-баптау – әр азаматтың күнделікті әдетіне айналуы қажет. Әсіресе жастардың бұл іске белсенді қатысуы экологиялық мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосады.

Таза аудан – тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау арқылы біз тек бүгінгі күнді емес, келер ұрпақтың да өмір сүру сапасын жақсартамыз. Сондықтан «Таза Қазақстан» – бір реттік акция емес, әрқайсымыздың өмірлік ұстанымымыз болуы тиіс. Өзімізден басталған тазалық бүкіл ауданның көркеюіне, елдің дамуына және қоғамның мәдениетінің артуына қызмет етеді.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT