Таза Қазақстан – бұл жай ғана қоқыссыз көше немесе көрікті табиғат емес. Ол – әр адамның туған жеріне деген құрметі мен жауапкершілігінің көрінісі. Елдің тазалығы әрқайсымыздың күнделікті іс-әрекетімізден басталады.
Қазіргі таңда табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет. Кейде адамдар демалған жерінде қоқысын жинамай кетеді немесе пластик қалдықтарды кез келген жерге тастайды. Мұндай әрекеттер қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, қоғамның мәдениетіне де кері әсер етеді. Ал сенбіліктерге қатысу, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау және табиғатты аялау – еліміздің көркеюіне қосылған нақты үлес. «Таза Қазақстан» бастамасы да азаматтарды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үндейді.
Нағыз патриоттық үлкен сөздерден емес, туған жерді таза ұстаудан басталады. Әр адам өз ауласын, мектебін, көшесін таза ұстаса, бүкіл еліміз көркейе түседі. Таза табиғат – дені сау ұлттың, ал таза Қазақстан – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан табиғатты қорғау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақ алдындағы маңызды жауапкершілігіміз.
Г.СӘДУАҚАСОВА


