«Таза Қазақстан» акциясы – айналаны тазалап қоюмен ғана шектелмейтін, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыратын маңызды бастама. Әрбір тұрғын өз ауласына, көшесіне және табиғатқа жанашырлықпен қараса, өңіріміздің келбеті де күннен-күнге көркейе түседі.
Бүгінде ауданымызда сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаштар отырғызылып келеді. Мұндай игі істерге жастардың, еріктілердің және мекеме қызметкерлерінің белсенді қатысуы қуантады. Бұл – туған жерге деген сүйіспеншіліктің және азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісі.
Тазалықты тек акция кезінде ғана емес, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдыруымыз қажет. Сонда ғана келер ұрпаққа табиғаты таза, көрікті әрі жайлы ортаны аманат ете аламыз. «Таза Қазақстан» – әрқайсымыздың кішкентай ісімізден басталатын үлкен өзгеріс.
Ж.Жоламанова,
зейнеткер


