«Таза Қазақстан» – ортақ міндет

«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған маңызды жоба. Бұл акция адамдарды табиғатты аялауға, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндейді. Тазалық – мәдениетті қоғамның айнасы. Сондықтан әр адам өз ауласын, көшесін, қоғамдық орындарды таза ұстауға үлес қосуы керек.

Бүгінде экологиялық мәселелер бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Қоқыстың көбеюі, табиғаттың ластануы адам денсаулығына да зиянын тигізуде. Осындай кезде «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы арта түседі. Сенбіліктер өткізу, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау сияқты жұмыстар қоғамға экологиялық тәрбие береді.

Таза ортада өмір сүру – әр адамның арманы. Егер бәріміз тазалықты сақтап, табиғатты қорғауға атсалыссақ, еліміз көркейіп, келер ұрпаққа таза әрі әдемі Қазақстанды қалдырамыз. Табиғатты қорғау – болашаққа деген қамқорлық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT