Таза Қазақстан» – ортақ іс

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданымызда тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Көшелер тазаланып, аулалар ретке келтіріліп, қоғамдық орындардың көркі жақсарып келеді.

Тазалық сақтау тек арнайы ұйымдастырылған іс-шаралармен шектелмеуі қажет. Әрбір тұрғын өзі тұратын ортаның тазалығына жауапкершілікпен қараса, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Қоқысты белгіленген орынға тастау, айналаны ластамау, қоғамдық орындарды ұқыпты пайдалану – қарапайым, бірақ маңызды талаптар.

Ауданның тазалығы – сол жерде тұратын халықтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Сондықтан «Таза Қазақстан» идеясын күнделікті өмір салтына айналдырып, туған жеріміздің таза әрі көрікті болуына бірге үлес қосуымыз қажет.

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT