«Таза Қазақстан» бастамасы – тек қоршаған ортаны тазалау емес, ол ең алдымен қоғам мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Тазалық бар жерде тәртіп те, жауапкершілік те қатар жүреді.
Кейде адамдар тазалықты тек сенбілікпен байланыстырып қояды, бірақ шын мәнінде бұл – күнделікті әдет болуы тиіс. Қоқысты кез келген жерге тастамау, қоғамдық орындарды ластамау, табиғатты аялау – осының бәрі әр азаматтың қарапайым міндеті. Егер әр адам өзінен бастаса, үлкен өзгеріс те қалыптасады.
«Таза Қазақстан» – ортақ үйіміздің келбеті. Тазалықты сақтау арқылы біз болашақ ұрпаққа мәдениетті әрі көрікті орта қалдырамыз.


