Ауылдың ажары оның тазалығы мен көркейген келбетінен байқалады. Осыны мақсат еткен аудан тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына белсенді араласуда.
Көшелердегі қоқыстар жиналып, жол жиектері ретке келтіріліп, аулалар тазалануда. Кей жерлерде сырлау, әктеу және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ауылдың көркіне көрік қосылуда. Мұндай жұмыстардың нәтижесі күн сайын көзге көрініп келеді.
Ең маңыздысы – тұрғындардың тазалыққа деген көзқарасының өзгеруі. Қоршаған ортаны таза ұстау тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмірде де сақталуы қажет.
«Таза Қазақстан» бастамасының мәні де осында: тазалықты міндет емес, өмір салтына айналдыру. Әр тұрғын өз ауласына, көшесіне жанашырлықпен қараса, бүкіл ауданның келбеті өзгереді. Таза ауыл – жайлы өмірдің негізі.
Г.СӘДУАҚАС


