Қазіргі таңда елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы халықты тазалыққа, табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндеп келеді. Бұл бастама – ел тазалығын сақтап қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Тазалық – әр адамның өзінен басталады. Көшеге қоқыс тастамау, ауланы таза ұстау, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарау – мәдениеттіліктің белгісі. Бүгінде акция аясында көптеген өңірлерде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен саябақтар тазартылып, ағаштар отырғызылуда. Осындай игі шараларға жастардың белсенді қатысуы қуантады. Себебі туған жердің тазалығына бейжай қарамау – нағыз елжандылықтың көрінісі.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы қоғамды тазалық пен тәртіпке тәрбиелейді. Әр адам айналасын таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, еліміз де көркейіп, болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалыптасады.


