Ауданымыздың тазалығы әрбір тұрғынның өз ауласынан басталады. Таза әрі ұқыпты аула адамның көңіл-күйіне де, қоршаған ортаның көркіне де әсер етеді. Осы мақсатта «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарды тазалыққа шақыратын іс-шара ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында тұрғындар мен жастар бірігіп, аулаларды қоқыстан тазартады, ағаштардың айналасын ретке келтіреді, абаттандыру жұмыстарына атсалысады. Сонымен қатар балаларға қоршаған ортаны қорғау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Тазалық – ортақ міндет» тақырыбында шағын байқау өткізіледі.
Тазалық бір күндік науқан емес, күнделікті әдетке айналуы керек. Әр тұрғын өз ауласына жауапкершілікпен қараса, бүкіл ауданымыз көркейе түседі. Таза ауладан – таза аудан, таза ауданнан – көрікті Қазақстан басталады.
Г.СӘДУАҚАС


