«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымызда тазалық жұмыстарының жүргізіліп жатқаны қуантады. Көшелердің, аулалардың тазарып, қоғамдық орындардың ретке келтірілуі ауданның көркін айтарлықтай жақсартып келеді. Мұндай жұмыстардың нәтижесі бірден байқалады.
Дегенмен тазалықты тек сенбілік кезінде емес, күнделікті сақтау маңызды деп ойлаймын. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесіне жауапкершілікпен қараса, атқарылған жұмыстың нәтижесі ұзақ сақталады.
«Таза Қазақстан» – айналаны тазартумен қатар, адамдардың мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыратын жақсы бастама. Ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық.
Г.СӘДУАҚАС



