Тұрмыстық жанжалдың алдын алу – қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудың маңызды бағыттарының бірі. Берекелі отбасы – тәрбиелі ұрпақтың, ал татулық орнаған шаңырақ – мықты қоғамның негізі. Сондықтан отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту әрбір азаматтың жауапкершілігі болуы тиіс.
Ауданымызда тұрғындар арасында тұрмыстық жанжалдың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Мұндай шаралардың мақсаты – жанжалдың алдын алып, мәселелерді заң аясында және өзара келісім арқылы шешудің маңызын түсіндіру.
Кез келген дау-дамайды ашумен емес, сабырмен және диалог арқылы шешу – қоғамдағы өзара құрметтің көрінісі. Әсіресе балалар тәрбиеленіп жатқан отбасында сыйластық пен мейірімнің орны ерекше. Өйткені бала ең алдымен отбасының қарым-қатынасынан үлгі алады.
Заң мен тәртіп қағидатын сақтау тек қоғамдық орындарда ғана емес, әр шаңырақта басталуы қажет. Отбасында өзара түсіністік пен құрмет қалыптасқан жағдайда ғана қоғамда қауіпсіздік пен бірлік нығая түседі. Сондықтан әрбір тұрғын татулықты сақтап, жанжалдың алдын алуға және бейбіт өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосуы маңызды.


