Тарихи орындарды таза ұстау – ұлтқа деген құрмет

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Әр халықтың тарихы мен рухани байлығы – оның тарихи орындарында сақталады. Көне ескерткіштер мен киелі мекендер – өткеннің үнсіз куәсі. Сондықтан оларды қорғап, таза ұстау – әр азаматтың міндеті. Бүгінде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында тарихи орындардың тазалығына ерекше көңіл бөлінуде.

Тарихи жерлерді таза сақтау – тек қоршаған ортаны күту емес, ол ата-баба мұрасына деген құрметтің белгісі. Кейде демалуға барған адамдар қоқыс қалдырып, табиғат пен тарихи орындарға зиян келтіреді. Мұндай әрекет мәдениетсіздік пен жауапсыздықтың көрінісі болып табылады.

Киелі жерлердің тазалығы – елдің тәрбиесі мен мәдениетінің айнасы. Егер әр адам тарихи орындарды көздің қарашығындай сақтап, айналасын таза ұстаса, келер ұрпаққа мол мұра қалдырамыз. Туған жердің тарихын құрметтеу – Отанды құрметтеуден басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT