Атырау өңірі үшін табиғатты қорғаудың маңызы ерекше. Әсіресе Жайық өзені мен оның айналасындағы табиғи ортаны таза сақтау – баршамызға ортақ міндет.
Кейде табиғатқа зиян келтіретін әрекеттер үлкен нәрседен емес, қарапайым немқұрайлылықтан басталады. Демалыстан кейін қоқыс қалдыру, тұрмыстық қалдықтарды кез келген жерге тастау – қоршаған ортаға кері әсер етеді.
«Таза Қазақстан» бастамасы осы мәселеге тұрғындардың назарын аударып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады. Тазалық жұмыстарын жүргізу маңызды, алайда одан да маңыздысы – тазаланған аумақты қайта ластамау.
Табиғатты бүгін қорғасақ, оның игілігін ертеңгі ұрпақ көреді. Сондықтан туған өлкенің табиғатын сақтау әр азаматтың күнделікті жауапкершілігіне айналуы керек.


