Табиғатты аялау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бірі. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы осы ұстанымды қоғамда кеңінен қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың қатарында.
Махамбет ауданында акция аясында табиғи аумақтарды таза ұстау, жасыл желекті қорғау және қоршаған ортаны қоқыстан сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе су айдындары мен табиғи аумақтардың тазалығына көңіл бөлу – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Тазалыққа деген көзқарас адамның табиғатқа деген қарым-қатынасынан көрінеді. Қоқысты кез келген жерге тастамау, табиғи орындарды бүлдірмеу, айналаны таза ұстау – үлкен істің қарапайым қадамдары. Осындай жауапты әдеттер қалыптасқан кезде ғана таза табиғат пен көрікті мекенді келер ұрпаққа аманат ете аламыз.


