Табиғатты қорғау – болашақты қорғау

Табиғат – адамзатқа ортақ байлық. Таза ауа, мөлдір су, жасыл орман – адамның өмір сүруіне қажетті басты құндылықтар. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау – әр адамның міндеті. Қазіргі таңда жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы халықты табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және туған жерге жанашыр болуға тәрбиелейді.

Соңғы жылдары табиғаттың ластануы үлкен мәселеге айналып отыр. Қоқыстың көбеюі, ағаштардың азаюы, өзен-көлдердің ластануы экологияға кері әсерін тигізуде. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін адамдар табиғатқа жауапкершілікпен қарауы керек. Қоқысты кез келген жерге тастамау, ағаш отырғызу, суды ластамау – табиғатты қорғаудың қарапайым жолдары.

Табиғатты қорғау – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық. Егер біз қоршаған ортаны бүгіннен бастап таза ұстасақ, келешек ұрпаққа көрікті әрі таза Қазақстанды қалдырамыз. Сондықтан әр адам табиғатты қорғауға өз үлесін қосуы қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT