Табиғат – адамзаттың ең қымбат қазынасы. Оның тазалығы мен әсемдігін сақтау бүгінгі буынның ғана емес, келер ұрпақ алдындағы да маңызды міндеті болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Қоқысты белгіленген орынға тастау, табиғат аясында тазалық сақтау және экологиялық талаптарды орындау арқылы табиғатты қорғауға үлес қосуға болады. Кішкентай ғана игі іс үлкен нәтижеге жол ашады.
Таза табиғат – дені сау қоғамның негізі. Сондықтан қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, табиғи байлықтарды көздің қарашығындай сақтау баршамыздың ортақ борышымыз.


