Табиғатты қорғайық – болашақты ойлайық

Табиғат – адамзатқа берілген баға жетпес байлық. Оны қорғау тек арнайы мамандардың емес, барша азаматтың міндеті. «Таза Қазақстан» бастамасы осы жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

Аудан көлемінде табиғи аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу және су көздерінің маңын ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылады. Жастар мен еріктілер табиғатты қорғау акцияларына қатысып, тұрғындарға қоқысты арнайы орындарға тастау, табиғи ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы ақпарат таратады.

Табиғатты бүгін қорғасақ, оның игілігін ертеңгі ұрпақ көреді. Әр отырғызылған ағаш, жиналған қоқыс және жасалған игі іс – болашаққа қосылған үлес. Табиғатты қорғау – өз болашағымызды қорғау.

 

Г.Сәдуақасова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT