Табиғатты аялау – ұрпаққа аманат

Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. «Таза Қазақстан» бастамасы осы жауапкершілікті арттырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға жол ашып отыр.

Ауданымызда ағаш отырғызу, аумақтарды тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бағытында түрлі жұмыстар атқарылуда. Әрбір отырғызылған тал – табиғатқа жасалған қамқорлықтың белгісі. Тазалықты сақтау мен табиғатты қорғау әдеті әр отбасынан басталып, қоғамның ортақ мәдениетіне айналуы керек.

Қоршаған ортаны бүгін таза ұстасақ, оның игілігін келер ұрпақ көреді. Туған жердің табиғатын қорғау – елге деген құрметтің бір көрінісі. Таза аудан мен жасыл мекен қалыптастыру жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT