Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізіліп жатқан көгалдандыру жұмыстарының маңызы зор. Ауданымызда ағаш отырғызу, гүл егу және жасыл аумақтарды күтіп ұстау жұмыстарының қолға алынуы көңіл қуантады.
Ағаш – табиғаттың ғана емес, елді мекеннің де көркі. Жаз мезгілінде саялы ағаштар адамдарға көлеңке беріп, көшелерге ерекше сән қосады. Сондықтан отырғызылған әрбір көшетті күтіп-баптау – баршамызға ортақ міндет.
Бүгін егілген бір талдың пайдасын ертеңгі ұрпақ көреді. Сондықтан табиғатты қорғау ісіне немқұрайлы қарамай, ауданымызды көгалдандыруға әр азамат өз үлесін қосқаны дұрыс. Жасыл әрі таза аудан – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы ортаның негізі.
Г.СӘДУАҚАС


