Табиғатты аялау – азаматтық парыз

Табиғат – адамзатқа ортақ байлық. Оны қорғау мен таза сақтау әр азаматтың күнделікті өміріндегі маңызды міндеттердің бірі деп білемін. Осы ретте елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Бастама аясында ұйымдастырылып жатқан тазалық жұмыстарына әртүрлі сала өкілдері, жастар мен тұрғындар белсенді қатысуда. Көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, аулаларды ретке келтіру, ағаштарды күтіп-баптау сияқты жұмыстар қоршаған ортаның жақсаруына ықпал етеді. Ең бастысы, мұндай шаралар адамдарды табиғатқа жанашыр болуға шақырады.

Тазалықты сақтау белгілі бір науқанмен шектелмей, әр адамның өмір салтына айналуы қажет. Табиғатты бүгін қорғасақ, оның игілігін ертеңгі ұрпақ көреді. Сондықтан «Таза Қазақстанға» үлес қосу – туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT