Табиғат – адамзатқа берілген ең қымбат байлық. Таза ауа, мөлдір су, жасыл орман мен әсем табиғатсыз өмірді елестету қиын. Сондықтан табиғатты қорғау – тек экологтардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Табиғатқа деген қамқорлық күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Қоқысты кез келген жерге тастамау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу, қоршаған ортаны таза ұстау – бәрі де табиғатты сақтауға қосылған үлес. Осындай игі істердің маңызын арттыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама адамдарды қоршаған ортаны аялауға, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндейді. Таза көше мен жасыл табиғат – еліміздің көркі ғана емес, болашақ ұрпаққа қалдыратын ең құнды мұрамыз.
Табиғатқа жанашырлық таныту үлкен еңбекті талап етпейді. Кейде бір тал көшет отырғызудың немесе демалған жеріңді жинап кетудің өзі үлкен өзгеріске бастайды. Егер әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қараса, еліміздің экологиялық жағдайы жақсарып, Қазақстанымыз бұрынғыдан да көркем әрі таза бола түседі.
Табиғатты қорғау – бүгінгі ұрпақтың келешек алдындағы аманаты. «Таза Қазақстан» идеясы қағаз жүзінде ғана қалмай, әр адамның өмір салтына айналса, еліміздің табиғаты сақталып, болашағы жарқын болмақ.


