Табиғатқа қамқорлық – ұлтқа қамқорлық

«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Табиғат – адамзаттың ортақ байлығы. Сондықтан туған жердің тазалығын сақтау әр азаматтың міндеті болуы керек. Бүгінде көше тазалығы, ағаш отырғызу, өзен-көлдерді қорғау мәселесі қоғам назарында болуы өте маңызды.

Таза орта адамға ерекше әсер сыйлайды. Жинақы көше, жасыл желек, таза ауа – мұның бәрі адамдардың өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Кейде үлкен өзгеріс кішкентай әрекеттен басталады. Қоқысты арнайы орынға тастау, табиғатқа зиян келтірмеу, айналаны күтіп ұстау – мәдениетті қоғамның белгісі.

Табиғатқа жанашырлық таныту – болашаққа қамқорлық жасау деген сөз. Егер бүгін қоршаған ортаны қорғамасақ, ертеңгі ұрпаққа таза табиғат қалдыру қиын болады. Сондықтан «Таза Қазақстан» әр адамның жүрегінен орын алатын ортақ құндылыққа айналуы қажет.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT