Интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтық бүгінде қоғам үшін өзекті мәселелердің біріне айналды. Алаяқтар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органының өкілі немесе таныс адам ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректері мен банк картасының мәліметтерін алдап алуға тырысады. Сондықтан әрбір тұрғын қырағылық танытып, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуі қажет.
Ауданымызда да тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Азаматтарға белгісіз адамдарға жеке мәліметтерін, SMS арқылы келген кодтарды және банк картасының деректерін бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу жөнінде үнемі ескертіледі. Заң мен тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бірлескен сақтық пен жауапкершілік арқылы ғана интернет және телефон алаяқтарының құрбаны болудың алдын ала аламыз.
Г.СӘДУАҚАС


