Әділдікке деген сенім кез келген қоғам үшін қымбат құндылық. Ал сыбайлас жемқорлық осы сенімге сызат түсіретін әрекеттердің бірі. Біреудің қызметтік мүмкіндігін жеке пайдасына пайдалануы немесе мәселені пара арқылы шешуге ұмтылуы – заңға ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілікке де қайшы.
Жемқорлықтың алдын алу үлкен істерден ғана басталмайды. Өз жұмысын адал орындау, таныстықпен артықшылық іздемеу, заңсыз ұсынысқа келіспеу сияқты қарапайым ұстанымдардың маңызы зор. Әсіресе жастар арасында адал еңбек пен әділдік құндылығын кеңінен насихаттау қажет.
Бұл мәселеде әр азаматтың таңдауы маңызды. Заңсыз жолмен пайда табуды емес, маңдай термен жеткен жетістікті бағалау – қоғамның дамуына қосылған үлес. Адалдық қалыпты құндылыққа айналған ортада жемқорлыққа орын да азаяды.
Г.СӘДУАҚАСОВА


