Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіріп, азаматтардың мемлекеттік жүйеге деген сеніміне кері әсер ететін құбылыс. Сондықтан жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу – әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз болуы керек.
«Заң мен тәртіп» орнаған қоғамда кез келген мәселе заң аясында шешілуі тиіс. Өз пайдасы үшін заңды айналып өтуге немесе пара беруге келісу – мәселені шешудің жолы емес. Керісінше, адал еңбек пен әділдікке сүйену қоғамның тұрақты дамуына жол ашады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың жұмысы болып қалмауы керек. Әр азамат адалдықты таңдап, заң талаптарын сақтағанда ғана әділетті қоғам қалыптасады. Таза қоғамның негізі – заңға құрмет және әр адамның жеке жауапкершілігі.
Г.СӘДУАҚАС


