Тұрмыстық жанжал – отбасының берекесіне ғана емес, қоғамдағы тыныштыққа да кері әсер ететін мәселе. Күнделікті өмірдегі түсініспеушілік пен ашуға беріліп жасалған әрекет үлкен мәселеге ұласуы мүмкін. Сондықтан қандай жағдай болса да, мәселені күш қолдану арқылы емес, сабырлы сөйлесу және өзара түсіністік арқылы шешуге тырысқан дұрыс.
Отбасындағы сыйластық пен жауапкершілік бала тәрбиесіне де тікелей әсер етеді. Үйде тыныш әрі қауіпсіз орта қалыптасса, балалар да өздерін сенімді сезінеді. Қандай да бір жанжал туындаған жағдайда оны жасырып қалмай, дер кезінде көмекке жүгіну маңызды. Заң әр адамның қауіпсіздігін қорғауға бағытталған, сондықтан зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды.
Менің ойымша, тұрмыстық жанжалдың алдын алудың ең тиімді жолы – бір-бірін құрметтеу, ашуды бақылау және мәселені өршітпей шешу.


