Отбасыдағы татулық – қоғамдағы тыныштықтың бастауы

Отбасындағы түсініспеушілік кейде қарапайым келіспеушіліктен басталғанымен, дер кезінде тоқтатылмаса, күрделі жағдайға ұласуы мүмкін. Сондықтан тұрмыстық жанжалдың алдын алу – отбасының ғана емес, жалпы қоғамның маңызды мәселелерінің бірі.

Ауданда бұл бағытта профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қиын жағдайға тап болған отбасыларға тиісті көмек көрсету және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударылуда. Мамандар тұрғындарға жанжал туындаған кезде мәселені күш қолдану арқылы шешуге болмайтынын, қажет жағдайда тиісті қызметтерден көмек сұраудың маңызын түсіндіреді.

Отбасындағы өзара сыйластық пен сабыр – көптеген мәселенің алдын алатын қарапайым құндылықтар. Әсіресе балалардың көзінше жанжал шығармау маңызды, өйткені үйдегі ахуал олардың эмоционалдық жағдайына әсер етеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты «отбасының ішкі мәселесі» деп үнсіз қалдыру қауіпті. Қауіптің алдын алу үшін мәселені ерте байқап, тиісті көмекке жүгіну қажет.

Тыныш отбасы – қауіпсіз қоғамның маңызды негіздерінің бірі.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT