Отбасы тыныштығы – қоғам тұрақтылығының негізі

Отбасындағы татулық пен өзара сыйластық – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Өкінішке қарай, күнделікті тұрмыста туындайтын түсініспеушілік кейде үлкен жанжалға ұласып, ауыр жағдайларға себеп болуы мүмкін. Сондықтан тұрмыстық жанжалдың алдын алу мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды.

Кез келген келіспеушілікті күш қолдану арқылы емес, сабырлы сөйлесу және өзара түсіністікпен шешуге тырысқан жөн. Егер жанжал қайталанып, адамның қауіпсіздігіне қауіп төнсе, мәселені жасырмай, дер кезінде көмекке жүгіну қажет. Мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының, тиісті мамандардың және жақын адамдардың қолдауы маңызды рөл атқарады.

Менің ойымша, заң мен тәртіптің басты мақсаты – тек құқық бұзушылық болғаннан кейін шара қолдану емес, оның алдын алу. Әр отбасында сыйластық пен жауапкершілік қалыптасса, тұрмыстық жанжалдардың да азаюына мүмкіндік бар. Отбасы тыныштығын сақтау – әр адамның ортақ міндеті.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT