Ортақ тәртіпке әркімнің үлесі бар

Елді мекендегі балалар алаңы, аялдама, орындық, көше жарығы және басқа да қоғамдық нысандар тұрғындардың игілігі үшін қызмет етеді. Олардың сақталуы мен дұрыс пайдаланылуы – тек жауапты мекемелердің емес, барша азаматтың міндеті.

Кейде қоғамдық мүлікке немқұрайлы қарау оның бүлінуіне әкеліп, тұрғындарға қолайсыздық туғызады. Бүлінген нысанды қайта қалпына келтіруге уақыт пен қаржы жұмсалады. Сондықтан ортақ дүниеге ұқыпты қарау – қарапайым тәртіптің ғана емес, азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қоғамдық мүліктің маңызын түсіндіріп, оны қорғауға тәрбиелеу қажет.

Әр тұрғын өз ауласынан, көшесінен бастап тәртіпке мән берсе, ауданның жалпы мәдениеті де арта түседі. Ортақ мүлікті сақтау – өзіңе және айналаңдағы адамдарға деген құрметтің көрінісі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT