4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн – әрбір азамат үшін ерекше маңызға ие мереке. Себебі Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың басты нышандары.
Жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің орны ерекше. Өз елінің рәміздерін құрметтеген жас ұрпақ Отанын сүйіп, оның дамуына үлес қосуға ұмтылады. Сондықтан рәміздерді насихаттау – ел болашағына қызмет ету деген сөз.
Барша аудан тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, береке және елімізге тұрақтылық тілеймін. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесі асқақтай берсін!
А.Қонысбаев
Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

