Мал шаруашылығының дамуы – тұрақты өсімнің көрінісі

Мал шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан ата кәсібі әрі ауыл экономикасының маңызды салаларының бірі. Сондықтан жыл сайын маусым айының екінші жексенбісінде елімізде Малшылар күні аталып өтіп, осы салада еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегіне құрмет көрсетіледі. Бұл мереке тек малшылардың ғана емес, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген барлық еңбек адамдарының мерейін арттыратын маңызды күн.

Бүгінде мал шаруашылығы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше орын алады. Соңғы жылдары ірі қара, қой-ешкі және жылқы санының артуы, сондай-ақ ет, сүт пен жұмыртқа өндірісінің көбеюі саланың тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұл жетістіктердің барлығы малшылар мен фермерлердің маңдай терімен келген нәтиже. Олар жылдың төрт мезгілінде де тынымсыз еңбек етіп, ел дастарханының мол болуына өз үлестерін қосуда.

Сонымен қатар мал шаруашылығы ауылдық жерлерде халықты жұмыспен қамтып, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда бұл саланың маңызы зор. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары да мал шаруашылығының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, өндіріс көлемінің артуына оң әсерін тигізуде.

Малшылар күні – адал еңбек пен жауапкершіліктің, табандылық пен төзімділіктің мерекесі. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосып жүрген малшылардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Еңбек адамын ұлықтау – қоғамның дамуы мен болашақтың берік негізін қалыптастырудың маңызды кепілі.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT