Көркейген көше – көрікті ауылдың белгісі

Туған өлкенің тазалығы мен көркі ең алдымен елді мекендердің ажарынан байқалады. Осы ретте Махамбет ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына басымдық берілуде.

Көшелерді ретке келтіру, қоғамдық орындарды тазалау, айналаны қоқыстан арылту секілді жұмыстармен қатар, елді мекендердің көркін арттыруға бағытталған шаралар да қолға алынуда. Мұндай жұмыстарға түрлі мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қатысуы тазалықтың ортақ іске айналғанын көрсетеді.

Абаттандырылған, таза көше – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып қана қоймай, ауылға келген қонаққа да жақсы әсер қалдырады. Сондықтан туған жердің тазалығын сақтау әр адамның күнделікті міндетіне айналғаны маңызды. Көркейген ауыл – оған жанашыр тұрғындардың еңбегінің нәтижесі.

 

Г.Жолдасқали

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT