Көрікті аудан – ортақ еңбектің нәтижесі

Туған жердің көркеюі – әр тұрғынның белсенділігі мен жауапкершілігінен басталады. «Таза Қазақстан» акциясы осы ортақ мақсатқа жұмылып, ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға және абаттандыруға мүмкіндік беріп отыр.

Аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан жұмыстар барысында көшелер тазаланып, аулалар ретке келтіріліп, көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлінуде. Тұрғындардың сенбіліктерге белсенді қатысуы олардың өз елді мекеніне деген жанашырлығын көрсетеді. Бірі ауласын тазаласа, енді бірі ағаш отырғызып, қоғамдық орындардың көркеюіне үлесін қосуда.

Осындай игі істердің нәтижесінде ауданның тазалығы мен көркі жақсарып қана қоймай, тұрғындар арасында бірлік пен жауапкершілік те нығая түседі. Себебі ортақ іске жұмылған елдің нәтижесі де берекелі болады.

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын бастама. Ауданымыздың таза, көрікті әрі жайлы болуы – баршамызға байланысты. Бірге еңбек етіп, бірге көркейтейік!

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT