Қоғамдағы қауіпсіздік пен өзара сыйластық әр адамның іс-әрекетінен басталады. Әсіресе жасөспірімдер арасында кездесетін буллинг – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе. Біреуді кемсіту, қорқыту, мазақтау немесе әдейі оқшаулау адамның құқығы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді.
«Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі мәні – әр азаматтың құқығын құрметтеу және белгіленген талаптарды сақтау. Мектепте де осы ұстаным берік болуы қажет. Оқушы өзін қауіпсіз сезінетін, ойын еркін жеткізе алатын орта қалыптастыру – ұстаздар, ата-аналар мен оқушылардың ортақ міндеті.
Буллингке куә болған адам да үнсіз қалмауы керек. Мұндай жағдайда мұғалімге, ата-анаға немесе мектеп психологына хабарлау маңызды. Мәселені дер кезінде шешу – үлкен қиындықтың алдын алады.
Заңды құрметтеу – өзгенің құқығын құрметтеуден басталады. Сондықтан буллингке бірге тосқауыл қойып, қауіпсіз әрі тәртіпті орта қалыптастырайық!
Г.СӘДУАҚАСОВА


