Мемлекет басшысы қол қойған конституциялық заңдар Қазақстанның саяси жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Бұл құжаттар мемлекеттік институттардың жұмысын жаңаша ұйымдастыруға, билік тармақтарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге және елдегі басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Вице-Президент институтының құрылуы мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, Президент жүктеген міндеттердің сапалы орындалуына ықпал етсе, Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жоғары өкілді органы ретінде қызмет етуі халық мүддесін қорғауға және маңызды шешімдердің жан-жақты талқылануына жол ашады.
Қабылданған заңдар мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға және еліміздің одан әрі дамуына негіз болатын маңызды бастамалар саналады. Бұл реформалар Қазақстанның жаңа даму бағытын айқындап, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға қызмет етеді.
Жаңа конституциялық заңдар еліміздегі саяси жаңғыру үдерісінің жүйелі түрде жалғасып жатқанын көрсетеді. Олардың тиімді іске асырылуы мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға оң әсер етеді. Сондықтан бұл реформалар Қазақстанның тұрақты дамуына, қоғамдық келісім мен бірліктің нығаюына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
С.ЖАЙЛАШЕВ,
Махамбет аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы


