Қоғамдық тәртіпті сақтау – ел тыныштығының кепілі

фото: ашық дереккөз

Қоғамда тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы ең алдымен заң талаптарының орындалуына байланысты. «Заң мен тәртіп» қағидаты – әр азаматтың өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндетін де түсінуіне бағытталған маңызды ұстаным. Аудан тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруі үшін қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне барынша жауапкершілікпен қарау қажет.

Көшелерде, аулаларда және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әрбір тұрғын айналасындағы адамдардың тыныштығын құрметтеп, белгіленген ережелерді сақтауы керек. Ұсақ құқық бұзушылықтың өзіне немқұрайлы қарау кейін үлкен мәселеге әкелуі мүмкін. Сондықтан заңды сақтау мәдениетін бала кезден қалыптастырудың маңызы зор.

Заңға құрмет бар жерде тәртіп те, сенім де болады. Барлығымыз белгіленген талаптарды сақтап, бір-біріміздің құқығымызға құрметпен қарасақ, ауданымызда қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптасады. Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығының негізі, ал оны сақтау әрқайсымыздан басталады.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT