Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы ең алдымен қоғамдық тәртіпке байланысты. Көшелерде, аулаларда, саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті.
Қоғамдық тәртіпті бұзу айналадағы адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына кері әсер етеді. Сондықтан ұсақ құқық бұзушылықтарға да немқұрайлы қарамаған жөн. Түнгі уақытта қатты шуламау, қоғамдық орындарды ластамау, өзге азаматтардың ар-намысы мен құқықтарын құрметтеу – мәдениетті қоғамның негізгі белгілері.
Бұл бағытта түсіндіру жұмыстарының да маңызы зор. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, тәртіпке бағынудың маңызын түсіндіру қажет.
Тәртіп бар жерде қауіпсіздік пен өзара құрмет қалыптасады. Әр тұрғын заң талаптарын сақтап, қоғамдық тыныштыққа жауапкершілікпен қараса, ауданымыздағы өмір сүру ортасы да жайлы әрі қауіпсіз бола түседі.
Г.СӘДУАҚАС


