Қоғамда тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы әр азаматтың заң талаптарын құрметтеуінен басталады. «Заң мен тәртіп» қағидаты – қауіпсіз әрі жайлы ортаны қалыптастырудың маңызды негізі.
Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгенің құқығына құрметпен қарау, белгіленген талаптарды орындау – баршаға ортақ міндет. Бұл бағытта құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы зор.
Заңды сақтау тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін түсінгенде ғана қоғамда тәртіп нығая түседі. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде ұстану – қауіпсіз болашаққа жасалған ортақ қадам.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ



