Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – кез келген елді мекеннің тұрақты өмір сүруінің маңызды негізі. Көшеде, қоғамдық орындарда және тұрғындар арасында белгіленген тәртіптің сақталуы әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты.
Қоғамдық орындарда тазалық сақтау, айналадағы адамдардың құқығы мен тыныштығын құрметтеу, жол қозғалысы ережелерін орындау – қарапайым болғанымен, аса маңызды талаптар. Әсіресе жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі қажет. Отбасы, мектеп және қоғам бірлесіп әрекет еткен жағдайда тәртіп мәдениетін қалыптастыру нәтижелі болады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек полиция қызметкерлерінің міндеті емес. Әр тұрғын өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын орындауы керек. Тәртіп бар жерде қауіпсіздік пен өзара сыйластық қалыптасады. Сондықтан ауданымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін әрқайсымыз ортақ жауапкершілік танытуымыз қажет.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ



