Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық әр азаматтың іс-әрекетіне байланысты. Заң талаптарын сақтау, айналадағы адамдардың құқығын құрметтеу және қоғамдық тәртіпті бұзбау – өркениетті қоғамның негізгі белгілерінің бірі.
Қоғамдық орындарда жанжал шығармау, айналаға кедергі келтірмеу, бөтеннің мүлкіне зиян келтірмеу сияқты қарапайым талаптардың өзі тәртіпті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әсіресе отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністік қоғамдық мәдениеттің бастауы болып саналады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. Заңды білу ғана жеткіліксіз, оны күнделікті өмірде орындау қажет.
Тәртіп сақталған жерде қауіпсіздік те, адамдар арасындағы сенім де қалыптасады. Сондықтан заңға құрмет әр адамның өзінен басталғаны дұрыс.


