Қоғам тыныштығы – тәртіптен басталады

Заң мен тәртіп – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның негізі. Қоғамдағы тыныштық тек құқық қорғау органдарының жұмысына емес, әр азаматтың өз міндетін түсініп, заң талаптарын сақтауына байланысты. Көшедегі тәртіптен бастап, қоғамдық орындардағы мәдениетке дейінгі қарапайым әрекеттердің өзі ортақ қауіпсіздікке әсер етеді.

Заңды білу ғана емес, оны құрметтеу және талаптарын күнделікті өмірде орындау маңызды. Әсіресе өскелең ұрпаққа құқықтық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі. Ауданда бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарының жалғасуы тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Тәртіп бар жерде сенім де, қауіпсіздік те орнығады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT