Құқықтық сауаттылық – заң мен тәртіптің тірегі

Заң мен тәртіпті сақтау үшін ең алдымен адамның өз құқығы мен міндетін білуі қажет. Құқықтық сауаттылық артқан сайын қоғамдағы жауапкершілік те күшейеді.

Тұрғындар өз құқықтарын, заң талаптарын және қандай жағдайда қай мекемеге жүгіну керектігін білгені дұрыс. Әсіресе жастарға құқықтық білім беру маңызды. Заңды білмеу кей жағдайда түрлі түсініспеушілікке әкелуі мүмкін, сондықтан ақпараттық және түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілгені жөн.

Заңды құрметтеу – өз құқығыңды білуден және өз міндетіңді орындаудан басталады. Әр азамат құқықтық сауатты болса, ауданымызда заң мен тәртіп те берік орнығады.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT