Құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының тірегі

Заңды құрметтеу оны білуден басталады. Азамат өзінің құқығы мен міндетін жақсы білген сайын, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдап, мәселесін заң аясында шешуге мүмкіндік алады.

Құқықтық сауаттылық тек заң саласының мамандарына қажет ұғым емес. Еңбек қатынасы, тұрғын үй мәселесі, мемлекеттік қызмет алу немесе қоғамдық ортадағы тәртіп болсын, әр адам өзіне қатысты талаптарды білуі керек. Бұл өз құқығын қорғаумен қатар, басқа азаматтардың заңды мүддесіне құрметпен қарауға үйретеді. Осы бағытта жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңызы зор.

Заңды білетін және оны сақтайтын азамат – қоғамның тұрақтылығына үлес қосатын жауапты тұлға. Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыруды отбасыдан бастап, білім беру ұйымдары мен қоғамдық ортада жүйелі түрде жалғастыру қажет.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT