Құқықты білу – өзіңді қорғау

Заңды білу және өз құқығыңды түсіну – қазіргі қоғамдағы әр азамат үшін маңызды. Құқықтық сауатты адам өзіне берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып қана қоймай, заң алдындағы жауапкершілігін де жақсы түсінеді. Осы себепті «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруда халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға ерекше мән берген жөн.

Құқықтық сауаттылық әсіресе жастар арасында маңызды деп ойлаймын. Жасөспірімдер өз құқықтарымен қатар, қандай әрекеттердің заң бұзушылық болып саналатынын, оның қандай жауапкершілікке әкелетінін білгені дұрыс. Сонымен бірге интернеттегі қауіпсіздік, алаяқтықтан сақтану, бөтен адамдарға жеке мәліметтерді бермеу сияқты мәселелер де бүгінгі таңда үлкен маңызға ие. Бұл бағытта ата-ана, мектеп және қоғам бірлесе жұмыс істегені тиімді.

Заңды білу – тек құқық қорғау органдарына жүгінген кезде қажет болатын дүние емес. Ол адамның күнделікті өмірінде де маңызды рөл атқарады. Өз құқығын білетін, өзгенің құқығын құрметтейтін азаматтар көбейген сайын қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік те арта түседі. Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT