Құқықты білу – жауапкершілікті сезіну

Заң – қоғамдағы тәртіп пен әділдікті қамтамасыз ететін басты құрал. Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білген кезде ғана құқықтық мәдениеті жоғары қоғам қалыптасады.

Бүгінде ауданымызда тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Жастарға заңды құрметтеуді ерте жастан үйрету – олардың болашағына жасалған маңызды қадам.

Заң талаптарын сақтау тек жауапкершіліктен қорқу емес, қоғамға деген құрметтен туындауы керек. Әрқайсымыз өз әрекетімізге жауапкершілікпен қарасақ, ауданымызда қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға үлес қоса аламыз.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал тәртіпті сақтау – өзгенің құқығына құрмет көрсету.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT