Құқық пен тәртіп – ел тірегі

Бүгінгі жастар – ауданымыздың ғана емес, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың заңды құрметтеп, өз құқықтары мен міндеттерін білуі – маңызды мәселенің бірі.

Жасөспірім кезден бастап тәртіпке үйрену, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау және өзгенің құқығына құрметпен қарау жақсы әдет қалыптастырады. Құқықтық сауаты жоғары жас кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға ұмтылады. Бұл ретте ата-ана, мектеп және қоғамның бірлескен жұмысы ерекше маңызды.

Заңды сыйлайтын, тәртіпті ұстанатын ұрпақ – елдің берік болашағы. Сондықтан жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бәріміз бірге үлес қосуымыз қажет.

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT