Кибербуллингке жол жоқ!

Бүгінде интернет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік желілер арқылы білім алып, ақпарат бөлісіп, пікір алмасамыз. Алайда кейбір адамдар бұл мүмкіндікті өзгені қорлау немесе кемсіту үшін пайдаланады. Осындай әрекет кибербуллинг деп аталады.

Кибербуллингтің салдары көзге көрінбегенімен, оның адам психологиясына тигізетін әсері өте ауыр. Әсіресе жасөспірімдер мұндай қысымға төтеп бере алмай, өз-өзіне сенімсіз болып кетуі мүмкін. Сондықтан интернетте де әдеп сақтау, өзгенің ар-намысын құрметтеу және жалған ақпарат таратпау – әрбір қолданушының міндеті. Егер мұндай жағдай орын алса, оны жасырып қалмай, үлкендерге немесе құзырлы органдарға хабарлау қажет.

Заң мен тәртіп тек көшеде емес, цифрлық әлемде де сақталуы тиіс. Интернетті дұрыс пайдалану арқылы біз қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген қоғам қалыптастыра аламыз.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT