Көгалданған өлке – көрікті мекен

Туған жердің табиғатын сақтау мен оны көркейту – баршаға ортақ міндет. Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында аудан аумағында тазалықпен бірге абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде. Көшелерге ағаш отырғызылып, қоғамдық орындар мен аулалардың көркін арттыруға көңіл бөлінуде.

Көгалдандырудың пайдасы көп. Ағаштар ауаны тазартып, жаздың ыстығында көлеңке береді. Ал гүлзарлар мен көгалдар елді мекенге ерекше сән қосады. Ең маңыздысы – мұндай жұмыстар тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады.

Бір тал отырғызу оңай болғанымен, оны өсіріп, күтіп-баптау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» аясында егілген көшеттерге әр тұрғын жанашырлықпен қарағаны жөн. Таза әрі жасыл аудан – ортақ еңбектің нәтижесі.

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT